Facebook жаңа дизайнда

Қолданушылардың құпия ақпараты қолды болуына байланысты соңғы уақытта басы дауға қалған Facebook өзінің ішкі жүйесіне үлкен реформалар жүргізе бастады.

Жақында өткен үлкен F8 конференцияда Марк Цукерберг Facebook-тың жаңа дизайн келбетін таныстырды
Енді көзге үйреніп қалған көк түстің орына ақ түсті меню болады. Көк түс тек логотипте қалады. Жаңадан қосылған функцияға келетін болсақ, енді топтарға немесе парақшаларға өзіңіздің парақшаңыздан кетпей пост жазуға мүмкіндік береді.

Кейбір медициналық топтарға анонимді түрде сұрақ қою мүмкіндігін қарастырған.
Болашақта Instagram, Messenger және WhatsApp жүйелерін біріктіру ұсынысын да айтты. Яғни кроссплатформалы болады. Бір жүйеден екінші жүйеге хабарлама жібере беруе болады.

Лента жаңалықтарында да біраз өзгерістер енеді.

Конференцияның басты слоганын құпиялыққа үндеген компанияенді шифрландыруға, жеке бастың құпиялық мәліметтеріне аса қатты мән беретін атап өтті.

Аталған өзгерістер алдағы 2-3 айда іске асатын болады.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *