Apple компаниясы Apple card карточкасын шығарды

Корпорация енді қаржы саласында орныға бастады. Apple card өнімін әзірге тек АҚШ тұтынушылары ғана пайдалана алады. Apple компаниясы жыл аяғына дейін 30 елді қамтуды көздеп отыр.

«Apple Wallet» қосымшасы арқылы бірнеше минутта сіздің виртуалды Apple card карточкаңыз дайын болады.

Apple card-ты қосымша және дәстүрлі карточка арқылы кез-келген Mastercard қабылдайдын жерде қолдана беруге болады. Apple өнімдерін сатып алсаңыз 3% кэшбэк бар, Uber қызметін пайдалансаңыз осындай көлемде кэшбэк қайтарылады. Ешқандай жылдық комиссиясы жоқ.

Мұның басты фишкасы: қолдануышылардың қай жерде төлем жасалғаны құпия болып қалатында дейді Apple компаниясының өкілдері.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *