Google Ұлыбританияда BigQuery бөлімін ашты

Google компаниясы Лондонда BigQuery құрылымын ашқанын мәлімдеді.  Сонымен қатар, компания өкілдері басқа елдерге  де дата орталықтардың салуы жайлы  айтып өтті. Google  15 қазанда  Австралияда өз орталығын ашса, жақын айларда BigQuery Германия мен Финландияда ашылатын болады.

Әр елге BiqQuery не үшін орнатып жатыр?! 

BigQuery үлкен көлемдегі деректерді сақтау және өңдеу қызметтерін ұсынады. Қызмет серверлік  структураға сүйенбейді,   Standard  SQl тілімен  басқарылады.  Компания өкілдерінің айтуынша  бұл қызмет кең ауқымды ақпаратты талдау тапсырмалары үшін өте қолайлы.

Дегенмен кейбір елдердің заңдарына сәйкес  деректер қорының  серверлері сол елде физикалық орналасқанын талап етеді. Сондықтан қызметтің танымалдылығына қарамастан, көптеген тұтынушылар өз қызметтеріне заңды түрде жүгіну мүмкіндігінен айырылады.

Орталықтың ашылуына дейін  мұндай құрылым тек АҚШ пен Жапонияда болды. Сан-Паулу, Гонконг, Сингапур, Мумбайда және Тайваньда  деректер сақтау орындарын ашу жоспарлануда.

Ақпарат : https://cloud.google.com/blog/products/data-analytics/bigquery-arrives-in-the-london-region-with-more-regions-to-come

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *