Әлеуметтік желі біз жайлы не біледі?

Әлеуметтік желілерде деректер жинау және сақтау саясатының өзгеруіне байланысты (GDRP) өзгеріс енді.  2018 жылы 25 мамырдан бастап компаниялардың Еуропалық Одақта (ЕО) бөлімшесі немесе қолданушылары    бар болса,    онда (GDRP)  регламентіне сәйкес болуы керек. Вебмастерлер өз сайтынан қаражат тапса онда  ереже жеке блогтарға да қолданылады.

Қолданушылардың   сұранымы бойынша  сайт иелері  қандай ақпарат жинап жатқанын хабарлауы керек. Мысалы: 2018 жылдың соңына дейін Facebook-тың барлық GDPR ережелеріне сәйкес келуін талап етті.

Жеке мәлімет дегеніміз не?

Жеке мәліметке адамның жеке басын анықтайтын тікелей немесе жанама ақпараттар қамтиды: аты, телефон нөмірі, электронды пошта, банк картасының деректері, cookie, IP мекенжайы, қонақ үйлердегі тіркеу формалары, жалдау қызметтері, танысу қосымшалары және т.с.с.

Тоқтаңыз…. Бірақ Қазақстан Еуроодаққа кірмейді ғой?

Заңның кімге қолданылатыны әлі анық емес: Еуропалық Одақ азаматтарына немесе оның аумағында тұратын барлық адамдарға ма?!

Адвокаттардың айтуынша, заң  толық күшіне енгенше және  оны құқықтық қолдану практикасы жиналғанша күтуіміз керек.

Кей ақпарат  деректерінде айтылады. Бірақ заң қазақстандық пайдаланушыларға қолданылады, егер:

  • деректерді өңдеу кезінде адам ЕО-да болды;
  • Қазақстандық қолданушылардың жеке деректерімен жұмыс істейтін компания немесе оның бөлімі ЕО-да тіркелген болса. Мысалы, еуропалық интернет-дүкенінде компьютер сатып аласыз: компания сізге қатысты ақпаратты жинайды, сондықтан ол GDPR-ге жіберілуі керек.

Қандай мәліметтерді  алуға болады?

Мысалы, «ВКонтакте» компаниясының құпиялылық ережелеріне сәйкес, әлеуметтік желілер мынандай ақпараттар жинайды

  • Профильдегі  ақпарат;
  • Техникалық ақпарат: мысалы, құрылғы үлгісі, кіріс уақыт, күн және IP-адресі;
  • Қауымдастықтарға жазылу және олардың тарихы;
  • Достар тізімі, достықтан шығару тарихы, қабылдау тарихы;
  • Аудио және бейне жазбаларды жүктеп алу;
  • Альбомдардағы фотосуреттер;
  • Жеке парақшадағы жазбалар тарихы;
  • Басқа пайдаланушылар әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған ақпарат, мысалы:сілтемелер.

«Вконтакте»  бар білетіні осы ғана ма?

Жоқ. 2018 жылдың маусым айында Белоруссиялық белсенді Христиан Шинкевич «ВКонтакте» әкімшілігіне өтініш жазған. Көптен күткен жауап келеді:

  • Жеке парақшадағы есімнің, тегінің өзгеруі;
  • Басқарылған  және басқарылатын топтардың тізімі;
  • Вконтакте-ге жүктелген барлық файлдардың тізімі, өшірілген дауыстық хабарламаларды, сондай-ақ IP-мекен-жайлары мен жүктеп алынған орындарын;
  • Жеке парақшадағы  барлық өшірілген файлдарға тікелей сілтемелер, олардың атаулары және қосқан күні;
  • Жабық альбомдардағы фотосуреттердің мекен-жайы;
  • Шоттағы байланыстыру және телефон нөмірлерін ажырату тарихы;
  • Жеке парақшадағы құпия сөздердің қалпына келтіру тарихы;
  • Пікірлер мен жазбалар, тіпті өшірілген пікірлер.

Ал, Facebook ше? 

Мысалы, Facebook де көптеген деректерді жинайды. Олардың ішінде:

  • Әлеуметтік желідегі өткізген уақытыңыз, жиілігі  және әрекет ұзақтығы;
  • Өзге сайттарда  жасалған сатып алулар;
  • Пайдаланушының браузеріндегі плагиндер;
  • Орнатылған қосымшалар және олардың идентификаторлары;
  • Пайдаланушының құрылғысындағы файлдардың атаулары мен түрлері;
  • Пайдаланушы нұсқаулығынан контактілер;
  • Android құрылғыларынан қоңырау журналы мен SMS тарихы;
  • Ең жақын Wi-Fi және ұялы байланыс нүктелері;
  • Құрылғыдағы параметрлер мен рұқсаттарды, курсордың қозғалысын және заряд деңгейі;
  • Басқа пайдаланушылардың мәліметі мен фотосуреттері, сондай-ақ олармен өзара әрекеттесу жиілігі және байланысы.

Google туралы не айтамыз?

Google  корпорациясы Takeout қызметінде  өзіңіздің жеке  мұрағатыңызды жүктеуге мүмкіндік береді. Google-дан мәлімет жасыру қиын.

Ол Google Drive ішіндегі  файлдарды, браузердегі бетбелгілеріңізді (закладка), хаттарыңызды, YouTube-ге жүктеп салған видеоларыңыз, сіз тауар  сатып алған компаниялардың тізімдері, Hangouts арқылы жасалған қоңыраулар тізімдері, сіз жасаған сайттар, сіз пайдаланған телефон модельдері  және басқа да деректер сақталады.

Әлеуметтік желілер мәліметті не үшін жинайды?

«ВКонтакте», «Facebook» және «Twitter» компаниялары жарнама және ұсыныстар  үшін пайдаланушылардың деректеріне мұқтаж екенін айтады.

Кез-келген маркетолог ақпараттың ақша  екенін біледі, сол себепті неғұрлым ақпарат көбейген сайын қаржы молаятына сенеді.

Өзім туралы жинаған барлық деректерді көре аламын ба?

Әрине. Facebook-тан ақпаратты «Ваша информация» тарауынан жүктеп алыңыз. Instagram және телеграммада, «Құпиялылық және қауіпсіздік» баптауларында, Twitter-де, «Контент» бөлімінде.

Мәссаған! Сақталған деректерді жоюға бола  ма?

Сіз  деректерді жоюды және ақпаратты өңдеуге келісіміңізді алып тастауды сұрайсыз. Бірақ алдымен сіздің  деректер жинау кезінде  компания  ЕО бөлігінде жұмыс істегеніне көз жеткізіңіз!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *