Google іздеудің жаңа мүмкіндіктерін жариялады

Осы жылы қыркүйек айында өткен Google-дің 20-жылдығына арналған іс-шарада бағдарламашылар іздеу жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы айтып  берді.

Google компаниясының «Іздеу жүйесінің» вице-президенті Бен Гоместің айтуынша, Google іздеу жұмысының  үш жаңа бағытын атап өтті:

Сапарға, саяхатқа шығушылардың жауаптары
From search queries to queryless discovery.  (Іздеу сөздерінен іздеу сөзі ашылғанға дейін)
Мәтіннен,   визуалды мазмұнға дейін

«Саяхат» — қолданушының іздеген сөздерін, іздеу механизмін  білдіреді (өмірлік жағдай, көп сатылы жұмыс және т.б.). Google енді саяхатшылардың   іздеуін бір реттік әрекет емес, қадамдық процесс ретінде қарастырды. Сондықтан, Activity Cards (белсенділік картасы)  және Improved Collection ( Жақсартылған жинақтары)  іске қосылады. Белсенділік картасынан пайдаланушы бұрын кірген сайттары  және алдыңғы сұраулары көрсетіледі. Оларды өзгертуге және жоюға болады.

Жинақтардан сақталған өзіңізге ыңғайлы сайттар көрсетіледі. Мысалы: (Сіз көлік сатып алайын деп жатырсыз делік. Өзіңізге ыңғайлы параметр, түрін көрсетіп қойсаңыз,  болашақта жинақ картасынан көре аласыз)

Сурет: searchengineland.com

Тақырыптар бойынша сұрыптаулар  Topic Layer форматында беріледі:

Google лентасы мобильді  іздеу жүйесінде енді Discover деп аталады. Жаңа атаудан бөлек, жаңа нұсқалар пайда болады: әр жаңалықтар мен жарияланымның жанында тақырыпша көрсетіледі. Сіз  өзіңізге қызықтырған тақырыпшаларға мазмұнына қарай жазылсаңыз болады.
Discover жаңа функциясы  қолданушының  қызығушылығына орай жаңа  ұсыныстар көрсетіп отырады.
Өзгерістер «Google кескінге» де әсер етеді: көбірек ақпарат көрсетіледі, кез-келген элемент арқылы суретті іздеуге мүмкіндік беретін Google Lens жүйесі қолданылады.
Ақпарат: https://searchengineland.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *