WordPress-ті хостингке орналастыру немесе хостингтен хостинге көшіру

Сіз  өзіңіздің сайтыңызды  Denwer немесе  басқа да виртуалды серверлерді пайдаланып WordPress CMS-те  жасадыңыз. Сайтқа бірнеше пост жазып,  домен атауын таңдап,  хостингті де сатып алдыңыз.  Енді өзіңіздің сайтыңызды желіге  жүктегіңіз келеді немесе басқа хостингке ауыстырғыңыз келеді.  Бұл мақалада WordPress CMS қалай басқа серверге ауыстыру керек екенін  жазамыз….

Жалпы, Denwer-ден немесе виртуалды серверден  хостингке ауыстыру немесе хостингтен хостинге көшіру процессі ұқсас.

Сондықтан мендегі Open Server-ден   хостингке жүктеу процесін жазамын.

Алдымен виртуалды сервердегі деректер жүйесіне (база) кіреміз

Маған автоматты түрде  http://127.0.0.1/openserver/phpmyadmin/index.php осы сілтімеге  өткізеді

.

Phpmyadmin-де  үнсіз келісім бойынша  (по умолчанию)   қолданушы атына «root»,  құпия сөз  бағанын бос қалдырып, ок батырмасын басамыз.

Өзімізге керек  деректер базасын экспортқа жібереміз.

Виртуалды серверге мен деректер  атауын ertis деп атадым.

 

Деректер базасы бізге ertis.sql форматында жүктеледі. Енді ол деректерді хостингке жүктеу қажет.

Хостингте жаңа деректер базасын құрамыз

Енді өзіңіз сатып алған хостингте жаңа деректер базасын құрамыз. Жалпы қалай хостинг таңдау керек екендігін толығырақ келесі  мақалада айтатын боламыз.

 

Деректер атауын, қолданушы және құпия сөзді енгіземіз.

 

Виртуалды сервердегі деректер базасын  хостингке көшіреміз

Біздің деректер базасын және локалдық компьютерде  http://ertis.kz атауымен сақталған нұсқаны,   хостингтегі    http://janaertis.kz атауына ауыстырамыз. Оны екі жолмен ауыстыруға болады:

Сілтемелерді Notepad++  немесе басқада тексттік редактор көмегімен ауыстыруға болады.

Ол үшін Notepad++ ашып алып, Поиск > Заменить батырмасын орындап, барлық сілтемелерді ауыстыруға болады.

  • Екіншісі барлық сілтемелерді phpMyadmin-де SQL-сұратым жасау

Екінші жолы ойымша техникалық және уақыт жағынан да тиімді деп ойлаймын.

Жаңа деректер базасын құрып алғаннан кейін «Импорт» жасап, өзіміздің локалдық компьютерде тұрған деректерді жүктейміз.

Жүктеп алғаннан кейін,үш SQL сұратылым (запрос)  жасалынады

UPDATE wp_options SET option_value = REPLACE(option_value, 
'http://ertis.kz', 'http://janaertis.kz') WHERE option_name = 
'home' OR option_name = 'siteurl';



UPDATE wp_posts SET guid = REPLACE(guid, 
'http://ertis.kz','http://janaertis.kz');


UPDATE wp_posts SET post_content = REPLACE(post_content, 
'http://ertis.kz', 'http://janaertis.kz');

Мұндағы http://ertis.kz — локалды компьютерде құрылған домен атауы , ал  http://janaertis.kz — сіздің жаңа атауыңыз. Ескеретін жайт, сілтеменің соңында  /  слеш  белгісі тұрмауы тиіс!

WordPress CMS хостингке жүктейміз

Енді  WordPress-ті хостингтке жүктеп, конфигурация файлдарын өзгерту қалды. Алдымен   wp-config.php файлын ашып алып  өзгерту керек. Notepad++ редакторын ашып, келесі өзгерістерді енгіземіз:

  • Дерекқор атауы
  • Қолданушы атауы
  • Дерекқор құпия сөзі
  •  localhost орнына  MySQL сервердің адресін енгізу

Өзгерістерді енгізіп, хостингке жүктеген кезде, сіздің сайтыңыз жаңа адресте ашылуы тиіс!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *