Қай мобильді қосымша сіз жайлы көбірек ақпарат жинайды?

Ақпарат заманында мобильді қосымшалардың рөлі зор. Кейде мобильді қосымшаларда “Включить гео, разрешить доступ” деп талай программаға рұқсат бердік.

Шетелдік “Clario” компаниясы ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша мобильді қосымшаларға зерттеу жүргізіпті. Зерттеу нәтижесінде біз пайдаланатын Facebook, Instagram өз қолдануышысы жайлы ең көп ақпарат жинайды екен. Одан кейінгі орында Tinder қосымшасы.

Телефон, почта, гео локация, үй адресі, салмағыңыз, бойыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз, сіз қызықтыратын посттар т.б барлық қажетті ақпаратты өзінің серверлеріне сақтап отырады.

Оны не істейді дейсіз?
Ол ақпарат үлкен Big Data, үлкен ақша. Адамдардың қызығушылығын білген компаниялар өзі немесе өзге компаниямен келісіп сіз ұнатқан тауарларды, коммерциялық ұсыныстарды алдыңызға шығара береді.

Өзіңізді осындай “нежелательный” жарнамаларға жем болмауы үшін программаға рұқсат берудің алдында өзіңізге не керектігін біліп алған жөн.

Кейбір мобильді қосымшалар шпиондық құрылғы тәрізді телефонда сіз терген тексттерді өзіне сақтап, ұзақ өткен сосын өз пайдасына асыруы мүмкін. Сондықтан ресми App Store, Play Markette жүктелген мобильді қосымшаларға досыңдай сене берудің қажеті жоқ.

Бастысы, тек өзіңізге қажетті, сенімді қосымша жүктегеніңіз абзал!

Сіз қандай мобильді қосымшаны жиі пайдаланасыз?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *