404 ҚАТЕ дегеніміз не?

404 ҚАТЕ, 404 ERROR, ОШИБКА 404 деген қатені кейде байқап қаласыз ба? Иә, сайтта сілтеменің орын асуынан немесе оның жоқ болуынан пайда болатын құбылыс. Кей сайттар жай “404 ҚАТЕ” деп көрсетіп, сондай жағдайда қалған қолданушыларды ойлай бермейді.

Ал, ондай бет табылмады делік. Қолданушы не істейді? Google-ға басқа сілтемені жаза салып, сайтыңыздан кетіп қалады. Ең жаманы “сайттары істемейді екен ғой” деген пікірде қалуы мүмкін.

Сол үшін оқырманға келесі жасайтын қадамдарға кеңес беру керек.

1️⃣. Сайттағы іздеуді пайдалану
2️⃣. Басты бетке өту
3️⃣. Кері бетке өту
4️⃣. Сайт картасынн көрсету
5️⃣. Сайт ішіндегі қызықты материалдарды ұсыну

Екінші фотода “Turkistan-media.kz” сайтының 404 бетін жасақтадық. Алдыңғы 4 пунктің элементтерін жоғары жағына орналастық.

Кішкентай ғана сайттағы элемент. Көңіл бөліне бермейді. Бірақ, сол элемент арқылы болашақта қайта келген қолданушылардан конверсияны арттыруға болады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *